Растрлық графика

Мақсаты:      Растрлық графика туралы түсінік беру.

Дәріс сұрақтары:

1. Растрлық графика.

2. Adobe Photoshop  программасына кіріспе.

 

1. Растрлық графикалық редакторда (басқаша Bitmap - графикалық редакторы деп аталады) кескін квадраттардың (кескіндердің пиксельдердің элементтері) шамалары бойынша кішкентай әрі растарларды құрылады.

Растрлық редактордың негізі элементі - нүкте (оның жағдайы, анық та қанық болуы, түсі).

Растрлық кескін бағандар мен жолдардың қиылысында орналасқан көптеген жекелеген нүктелерден (пискельдерден) қалыптасады. Кескінді бұлай қалыптастырудың басты артықшылығы - қарапайымдылығында. Растрлық кескінді жадында сақтау үшін растрлық суреттердің бірінші кемшілігіне айналған - жадында сақтаудың үлкен көлемін қажет етеді. Растрлық суреттердің тағы бір кемшілігі - масштабын өзгерту барысында кескін бұрмаланып кетеді.

Информацияны көрсетудегі растрлық тәсілдің артықшылығы - обьектінің формалары мен түсін өзгере алатын мүмкіндіктері шексіз (өте көп) десе де болады. Графикалық редакторлардың  бұл тобының типтік өкілі – Windows операциялық жүйелерінің құрамына кіретін Paint графикалық редакторы болып табылады. Растрлық графикалық редакторларға мыналар жатады: Adobe Photoshop, Photostyler, Coler Photo, Adobe Photo-Paint.

Саймандар мен  материалдар модельдерінің  компьютерлік  әлемі шығармашыл  тұлғаға   нақтылы заттар  әлеміне  қарағанда  өзіндік  қасиеттерін  шығаруда  шексіз  мүмкіндіктерді  ұсынады. Мұндай  қасиеттерді  бейнелеуде  дербес  компьютер (ДК) мен  арнайыландырылған  программалық  қамтаманың  алатын  орны  зор.  Дәстүрлі  суретшілер  әлі  күнге  дейін  сурет  салуда  “түстерді”  қолданса, ДК   оларға  “жарықпен”  салуды  ұсынады.   Дисплей  экранының  жарықталуы, оның  жоғарғы  дәрежедегі  дәлдігі, түстер  диапазонының  кеңдігі  (16,7 млн. түстер) – осының  барлығы  жан  түршіктірердей  сезім  беріп, суретті “тірідей”  бейнелейді.

Функцияналдық  қасиеттеріне  қарай, барлық графикалық  пакеттерді  2  топқа  бөліп  қарастыруға  болады:   

- болашақта  өзгерту  мақсатын  көздеген,  компьютерге  нақтылы  бейнені  алдын  ала  енгізетін,  бейнені  өңдеуге  арналған  программалық  құрылғылар; 
     - бейнелерді 
құруда жаңа  графикалық  образдарды  жасау  мүмкіндігі  бар  программалық  құрылғылар;

 Еске  салып  кететін  жайт, жоғарыда қарастырылған  топтар  шартты  ғана  болып  табылады, себебі бірінші  топ  пакеттері  сурет салу құралдарын  қамтыса, екінші  топ  пакеттері бейнелерді күрделі өңдеуде қолданылады.  Бейнелерді  өңдеуге арналған  пакеттердің  ішінен арнайыландырылған   және  универсалды  пакеттерді  айтып  өтуге  болады

 

2. Универсалды  пакеттер  құрамына  Photo (Соге1Рhоtо, PhotoFinish, PhotoStyler, EasyPhoto және  т.б.)  сөзі  бар  графикалық  пакеттерді  жатқызамыз. Олардың  басты  айырмашылығы – фотографиялық  бейнелерді  өңдеуге  бағыттылығы. Сондықтан, оларды  дизайнерлер  мен  суретшілер, кәсіби  фотографтар  және жарнама  ісіндегі  мамандар  кеңінен  қолданылады. Дәл осы  пакеттер  суретші-ретушердің  жұмысын  қызықты  шығармашыл  жұмысқа  айналдырды. Фотографияның  пайда  болу  кезінен  бастап  ретуштің  мақсаты  суреттегі  дефекті  облыстарды  алып  тастау  болса, дербес  компьютердің және  сәйкесті  программалық  қамтамалардың пайда  болуы ретуштің  сапалық  жағынан  жаңа  деңгейі – композициялқ  ретушке  өтуге  мүмкіндік  жасады.

Жоғарыда сипатталып өткен программалық қамтамалардың қолданысы  бойынша  кеңінен қолданылатыны, әрі  ерекше  орынға  ие Adobe Photoshop программасы. 2002 жылы шыққан 7.0 версиясы мамандарды жаңа  қасиеттермен түрлендіре түсті. Бұл ерекшелік – қабаттармен, каналдар  мен контурлармен жұмыс істеуде, облыстарды бөліп қарау және оларды автоматты өңдеуде, сандық бейнелердің және графикалық файлдар форматтарының көбісін қолдауында, түстерді бөліп қараудың жоғары дәрежелілігінде айқын байқалады. Айтып өткен, сондай-ақ пакеттің одан басқа да көптеген қасиеттері бейнелерді ретуштауға (кең мағынада) арналған айнымас құрал деп танытуға мүмкіндік жасайды.     

 

Әдебиеті:

1 Компьютерная графика. С.В. Глушаков, Г. А. Кнабе. Харьков «Фолио»

   Москва «АСТ», 2001.

2 Эффективная работа с Corel Draw 11. Александр Тайц.  Санкт-Петербург *

   Москва * Харьков * Минск, 2001.  

 

Бақылау сұрақтары:

1 Растр дегеніміз не?

2 Растрлық графика редакторына қандай бағдарлама жатады?